Алматы қаласы Білім басқармасының
«№37 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 227-68-99
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-36-73
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
қыркүйек
2025

Ата-аналар жиналысы. Родительское собрание

Жаңа оқу жылының басында мектебімізде дәстүрлі ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты — мектеп пен отбасы арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты нығайту. Іс-шараға ата-аналар, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері және педагогикалық ұжым қатысты.

Мектеп әкімшілігі ата-аналарды жаңа оқу жылындағы негізгі бағыттармен, ішкі тәртіп ережелерімен, оқу кестесімен, тәрбие жұмысы жоспарымен және қауіпсіздік талаптарымен таныстырды. Сабаққа қатысу, білім сапасын бақылау және оқушыларды қолдау мәселелері де қарастырылды.

Сондай-ақ, отбасы мен мектеп арасындағы өзара түсіністікті арттыру, жайлы оқу ортасын құру, буллингтің алдын алу, цифрлық мәдениет пен интернеттегі қауіпсіздік туралы маңызды мәселелер талқыланды. Ата-аналарға балаларды оқуда қолдаудың тиімді тәсілдері жөнінде ұсыныстар берілді.

Жиналыс барысында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, педагогтармен пікір алмасты. Ата-аналар балалардың оқуындағы табысқа жетуі үшін мектеппен бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін білдірді.


В начале учебного года в нашей школе прошло традиционное родительское собрание, направленное на укрепление сотрудничества семьи и школы. В собрании приняли участие родители учащихся, администрация школы, классные руководители и педагогический коллектив.

Администрация школы познакомила родителей с основными направлениями работы на новый учебный год, правилами внутреннего распорядка, учебным расписанием, планом воспитательной работы и требованиями по технике безопасности. Были обсуждены вопросы организации учебного процесса, посещаемости, формы контроля знаний и поддержки учащихся.

Особое внимание было уделено вопросам взаимодействия семьи и школы, созданию благоприятной образовательной среды, профилактике буллинга, формированию цифровой культуры и безопасного поведения в интернете. Родителям даны рекомендации по поддержке детей в учебе и развитии личностных компетенций.

В ходе собрания родители получили ответы на интересующие их вопросы и выразили готовность сотрудничать с педагогами в целях успешного обучения и воспитания детей.