«Барлығынан биік секір!» эстафетасы. Эстафета «Прыгай выше всех»
Мектебімізде «Барлығынан биік секір!» атты спорттық эстафета өтті. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың ептілігін, координациясын, күшін арттыру және спортқа деген қызығушылығын дамыту.
Эстафета барысында оқушылар орыннан ұзындыққа секіру, секіртпемен секіру және кедергілер арқылы секіру кезеңдерінде жарысты. Балалар жоғары белсенділік, ынтымақ және спорттық рух көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мадақтамалармен марапатталды. Эстафета достық, сергектік және көтеріңкі көңіл күйде өтті.
В нашей школе прошла спортивная эстафета «Прыгай выше всех». Цель мероприятия — развитие ловкости, координации, силы и интереса к физической культуре.
Участники эстафеты соревновались в прыжках в длину с места, прыжках через скакалку и в прыжках через спортивные препятствия. Ребята показали ловкость, спортивный настрой и командный дух.
По итогам соревнований победители и активные участники были отмечены грамотами и поощрительными призами. Эстафета прошла в атмосфере дружбы, здорового соперничества и хорошего настроения.

