"Казахстан - территория доброты" » КГУ «Общеобразовательная школа №37 » Управления образования г.Алматы
Приемная:
+7(727) 0000000
Бухгалтерия
+7(727) 0000000
Версия
для слабовидящих
11
февраль
2019

"Казахстан - территория доброты"

"Қазақстан – мейірімділік мекені"

 

«Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық,

адалдық, секілді ақ жүректен шығады»

(Шәкәрім)

 

«Адам балсынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз.  Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Кезінде Абай атамыз да өзінің  он төртінші қара сөзінде: Тірі адамның жүректен аяулы жері болама?   Біздің  қазақтың жүректі кісі дегені -  батыр кісі дегені.  Оның басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын «өз бауырым» деп,  өзіне ойланғандай оларға да  болса игі еді демек,  бұлар – жүрек ісі.

       Мейірімділік дегеніміз не? Мейірімділік - адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кеңпейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделген. Мейірімділік адамның жоғарғы адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. Қазақ дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн «кір тигізбей ұста ойыңның өресің, мейірім етсең – мейірімділік көресің» деп, мейірімділікке зор мән берген. Мейірмділік  адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді  адам әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады.

        Ботасынан айрылған аруана сай-сүйегіңді сырқыратып, төбе құйқаңды шымырлатып боздағанын естідіңдер ме?  Бір сәт елестетіп  көріңіздерші. Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады. Қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі көрінісімен тең болу керек. Қазақ қыздарының нәзік жаны мейірімділік, қамқорлық аясында өсіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу мінезі қалыптасуы керек.

Бала кезінен-ақ, ата-анасын, бауырларын, ұстаздарын сыйлай білу, халқын, жерін, тілін, салтын қадірлеу өз шаңырағын ардақтай білу.

   Қорыта келгенде , күнделікті теледидардан көріп жүрген, қоғам қайраткері, тележүргізуші, «Мүгедектерге  қамқорлық» номинация бойынша Алтын Жүрек премиясының иегері Сайын Аружан көптеген қайырымдылық шаралар өткізіп, жетімдер мен үйсіз, күйсіз жүрген жандарымызға мейірімділік таныта білгені мақтан етерлік жайт. Әрине, елімізде   мейірімді жандардың баршылық екенін жоққа шығармаймын. Алайда Аружанның «Милосердие» атты қайырымдылық қоры әрқайсымызға да жүрегіміздің елжіретері анық. Осындай мейірімді жандарымыздың бар екенін біз, қазіргі жас буынға мақтанышпен айтып, үлгі ретінде көрсетіп, тәрбиелеу ата-ананың, ұстаздардың міндеті деп ойлаймын. Жастарымыз мейірімді, білімді болған жағдайда  болашағымыздың жарқын болатына сенемін.  Қазағымызда  «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген даналық сөзі бар емес пе? Міне осы мақалға сүйене отырып, мен өз туған бауырларым  жайлы айтқым келеді. Сейдалиев Асан  Қаратау қаласының «Спорт мектебінің» директоры,  қоғам қайраткері  жағдайы жоқ отбасының жасөспірім балаларын спортқа бейімдеп, аудандық, қалалық, республика деңгейінде чемпиондар дайындап, ата-аналарынжұмыспен қамтып мейірімділік танытты, қамқорлық жасады.

2007 жылдан бері өз отбасы тарапынан Айгул келінім екеуі мүкіндіктері шектеулі мүгедек балаларға қайырымдылық шараларын  өткізіп тұрады.

Екінші бауырым, Асанның  сыңары Сейдалиев Үсен  кәсіпкер, суретші, дизайнер, қазақ халқының қол-өнерін дәріптегенөнер қайраткеріжастарға  әрқашан қамқор,  білгенін үйретуден жалықпаған, жан-жағына нұрын шашып жүретін  мейірімдіжан. Өзінің тұрған ауылына су жүйесі  мен жарық жүйесінің жұмыс істеуіне зор ықпалын тигізді.Қазіргі таңда газ жүйесінауылға кіргізуге байланысты шаралар жүргізуде. Бұлда қазіргі өмір талабына сай, күнделікті тұрмысқа қажетті негізгі істердің бірі деп ұғамыз.

Сондықтан өз бауырларымның мейірімділігін айта отырып, халқына жасаған әсіресе жастарға қамқорлығын аямаған, жасаған игілікті істерін мақтан ете аламын. Халқына жақсылығын аямаған мейірімді жандармыздың әлі де арамызда бар екеніне кәміл сенемін! Қазіргі жастарға, еліміздің болашақ атар таңы осындай үлгі боларлық аға-әпкелерінен үлгі алып, барша қауымды  бойларындағы адами құндылықтарын жоғалтпаса екен деймін.

 

 

 

 

№ 37 жалпы білім беретін мектеп КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі                        Сейдалиева Р.А.