Алматы қаласы Білім басқармасының
«№37 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 227-68-99
Есепші бөлімі:
+7(727) 301-36-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
ақпан
2019

Казахстан - территория доброты

ҚАЗАҚСТАН – МЕЙІРІМДІЛІК МЕКЕНІ

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2017 жылдың ақпан-маусым аралығында «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасын өткізуді ұсынған еді. Бастаманың мақсаты – мейірімді істерге, қайырымдылық акцияларына балалардың қатысуын қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастырып, қоғамға риясыз қызмет көрсетудің жағымды идеяларын насихаттау.

   «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Біздің өмір сүріп жатқан дәуірімзде мейірімге зәру адамдар деп мен жетім балаларды айтар едім. Жетімін жылатпаған халық жетімге барынша жақсылық жасап, мейірімін төккен.Мейірімділік, қамқорлықты мұқтаж адамдарға мемлекет те көрсетіп келеді.Мысалы жетім баларға тегін тамақ беріп, киім үйлестіру, баспана беру, жұмысқа орналастыру мемлекетіміздің керемет президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатыр. Адам өмірге адам болып келген соң мейірімділік қасиетті аса жоғары бағалап, сол мейірімділікпен о дүниеге аттанса, аламның дұрыс өмір сүргені, дұрыс жолға қадам басуы деп білемін. Мейірімділік қасиет ақшаға сатып алар бұйым емес немесе сатып жіберетін де зат емес.  Мейірімділік адамның ішкі жан дүниесінен, пейілі мен жүрегінен шығатын – ұлы қасиет.

 

МЕЙІРІМ

Даланың өзі ескерткіш өткен күнге, 
Сондықтан көкірегі теп-теңбіл де: 
Шаттықтар – қурапты да шөппен бірге, 
Қайғылар – шөгіп қапты төккен күлде.

Ерліктер – ерлік үшін есеп берме, 
Артсаң – о да жүк болар есектерге; 
Аңқаулық – жабылмайтын есіктерде, 
Жалқаулық – жиылмайтын төсектерде.

Достықтар – шық-тамшыда тұнып қалған,
Қастықтар – қураған бас күліп қалған;

Адалдық – армандарда,

Ал мейірім, мейірім топыраққа сіңіп қалған.

 

Жұмекен Нәжімеденов

 

    Яғни, ақын осы өлеңі арқылы қазақ халқы - өте жомарт, мейірімді, кеңпейіл, қайырымды, данышпан халық екенін және мейірімділік қазақ елінің қанында бар қасиет екенін көрсетіп отыр .Осы ұлы қасиет – мейірімділік, мейірімді болу біздің ұлы ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүр. Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, сыйластығы, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, қол ұшын беру, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім Құдайбердіұлы). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Қазіргі таңда өсіп келе жатқан саналы ұрпағымызға мейірімділікті дұрыс дәріптеу. Саналы ұрпағымызды туған жеріне, топырағына, еліне, ата-анасына, халқына мейірімді болуға үйретіп, дұрыс жол көрсете білуіміз керек.


№37 ЖББМ

 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Абдихаликова Ф.М.